«Петропавл қ. - г. Петропавловск»
Қаз Рус

Есепке алу құралдары

Развернуть ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

«Тауарлық және сұйылтылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу мен пайдалану қағидаларының», 4 бөліміне сай

44 тарм. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық тұтынушылар өткізетін сұйылтылған мұнай газын есепке алу көлемді әдіспен жүргізіледі:

  1. жеке есепке алу құралдары бойынша;
  2. тұтыну нормалары бойынша — жеке немесе ұжымдық есепке алу құралдары болмаған жағдайда, олардың жарамсыздығы, не газ жабдықтары параметрлеріне сәйкессіздігі кезінде.

Өндірістік және коммуналды-тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын сұйылтылған мұнай газының көлемін есепке алу жүргізіледі:

  1. жеке есепке алу құралдары бойынша;
  2. газ жабдығының қуаты бойынша — есепке алу құралдары болмаған жағдайда, олардың жарамсыздығы, не газ жабдықтары параметрлеріне сәйкессіздігі кезінде.

Тұтынылған сұйылтылған газды есепке алу үшін олардың түрлері ҚР өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген және газ жабдықтары параметрлеріне сәйкес келетін коммерциялық есепке алу құралдары қолданылады, яғни есепке алу құралының түрі – тұрмыстық газ плитасы үшін G 1.6.

Коммерциялық есепке алу құралдарын орнату, ертеде орнатылған құралдарды ауыстыру және пломбалау тұтынушы есебінен жүргізіледі.

49 тарм. ...Орнатылған есепке алу құралы тұтынушыға тауарлық, не сұйытылған мұнай газын жеткізетін газ тарату немесе газ желісі ұйымында есепке алу құралының бастапқы көрсеткіштері, құралдың маркасы мен басқа да қажетті мәліметтер көрсетілетін акті жасау арқылы міндетті тіркеуден өтеді.

54 тарм. Газды есепке алу құралдары тұтынушыларда кіреберістерде, басқыш алаңдарында, дәлізде, жеке пәтерлерде, жеке үйлерде орнатылуы мүмкін. Тұтынушылардың газ тарату немесе газ желісі ұйымдарының қызметкерлеріне газды есепке алу құралдарына еркін кіруге бөгет жасауларына жол берілмейді.

55 тарм. Есепке алу құралдары есептеу тетігінің қаптама бекітпесінде газ тарату немесе газ желісі ұйымының пломбасына ие болады.

56 тарм. Тұтынушылардың газ тарату немесе газ желісі ұйымы пломбасының тұтастығын бұзуына жол берілмейді.

45 тарм. Сұйылтылған мұнай газын топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұтынудың есептеу бірлігі текше метр болып табылады.

Өндірістік және коммуналды-тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын сұйылтылған мұнай газының көлемін есепке алу жүргізіледі:

  1. жеке есепке алу құралдары бойынша;
  2. газ жабдығының қуаты бойынша — есепке алу құралдары болмаған жағдайда, олардың жарамсыздығы, не газ жабдықтары параметрлеріне сәйкессіздігі кезінде.

46 тарм. Тұрмыстық тұтынушының кінәсі бойынша дәлелді себептерсіз қатарынан екі есептілік кезең ішінде есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде және бұл ретте тұрмыстық тұтынушы жеткізушіге өзі тұтынған газ көлемі туралы мәлімет бермесе, жеткізуші тұрмыстық тұтынушыға тұтынудың қолданыстағы нормалары бойынша кейіннен тұрмыстық тұтынушының есепке алу құралының нақты деректері бойынша қайта есептеу арқылы есеп жүргізе алады.

47 тарм. Жеткізушінің өкілдерімен газбен жабдықтауға өз бетінше қосылғаны, есепке алу құралын айналып өтіп орнатылған газ жабдығының қуатын, газды тұтынуды арттырғаны, бұзылғаны, пломбаның бұзылуы, газбен жабдықтау схемасын өзгерту табылған жағдайда, тұтынушының газды санкциясыз алуына (ұрлауына) мүмкіндік тудыратын көрсеткіштерді бұрмалау мақсатында есепке алу құралына қандай да бір әсер болғанда, оларды табу жеткізуші өкілінің бұрынғы келулерінде мүмкін болмаған кезде, жеткізуші есепке алу құралдарын және (немесе) оларды қосу схемасын соңғы тексеру күнінен бастап өткен кезеңге, бірақ қуыну мерзімі өткен күннен аспайтын кезеңде тұтынушының орнатылған газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша газ шығысын қайта есептеуге құқылы.


Развернуть ЕСЕП ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ҚАБЫЛДАУ

Құрметті тұтынушылар! Қазақстан Республикасының энергетика Министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 бұйрығымен бекітілген сұйылтылған мұнай газын бөлшектік өткізу Үлгі шартының 14 тармағына сәйкес, тұтынушы ай сайын, әр айдың жиырма бесінен кешіктірмей, жеткізушіге есеп құралының көрсеткіштерін хабарлау және осы көрсеткіштерге сәйкес пайдаланылған газдың көлеміне төлем жүргізуі міндетті екеніне Сіздің назарыңызды аударамыз.

Газды есептеу құралдарының көрсеткіштерін беру төмендегі тәсілдердің біреуімен тұтынушының таңдауы бойынша жүргізіледі:

  • Серіктестіктің Call-орталық операторы арқылы 35-00-36 тел. бойынша (дүйсенбіден жұмаға дейін сағ. 8:00ден  сағ. 19:00 дейін, сенбіде сағ. 9:00ден  сағ. 15:00 дейін, демалыс - жексенбі;
  • WhatsApp немесе СМС бойынша 87777104104 телефонына (күнделікті, үзіліссіз). Мәтін хабарламасын дербес шотын немесе мекен-жайын және есеп құралының көрсеткішін жазып, немесе дербес шотын немесе мекен-жайын көрсетіп есеп құралының суретін жіберу қажет. Көрсеткіштерді талдау бірнеше жұмыс күні ішінде жүргізіледі, дүйсенбіден жұмаға дейін сағ.8:00ден сағ.19:00 дейін, сенбіде сағ.9:00ден сағ.15:00 дейін, демалыс –жексенбі. Көрсеткіштер деректер қорына енгізілгеннен кейін тұтынушы «Қабылданды» деген жауап алады. WhatsApp ҚОҢЫРАУЛАР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!!!
  • Абоненттік бөлімде серіктестіктің кеңсесіне жеке өтініш жасағанда (дүйсенбіден жұмаға дейін сағ.8:00ден сағ.19:00 дейін түскі үзіліссіз, (демалыс күндері – сенбі, жексенбі).

Развернуть ЕСЕП ҚҰРАЛЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУ ҚАЖЕТ

Петропавл қ. газды есептеу құралдарын орнату және алу бойынша жұмыстарды арнайы ұйымдар жүргізеді:

  • «Газтехмонтаж» ЖШС, тел. 39-91-35
  • Ахметжанов ЖК,  тел. 53-34-34

Петропавл қ. газды есептеу құралдарын тексеруді арнайы ұйымдар жүргізеді:

  • «НаЦЭкС» АҚ СҚФ, тел. 52-12-87
  • «Газмонтажповерка» ЖШС

Тексеруден кейін есеп құралы міндетті пломбалауға жатады!


Развернуть ЕСЕП ҚҰРАЛЫН ПЛОМБАЛАУ

Қазақстан Республикасының энергетика Министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларына және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шартына сәйкес - тұтынушыда орнатылған есепке алу аспаптарын метрологиялық қызметпен тексерілуі және газ желісі ұйымымен пломбалануы тиіс.

Есеп құралының көрсеткіштері бойынша есептеу оның газ желісі ұйымымен пломбаланған сәтінен бастап жүргізіледі.

Өлшеу құралының (есеп құралының) тексерілгенінен кейін жағымды нәтиже алынған соң тұтынушы пломба орнатуға өтініш қалдыруы тиіс.

Газды есептеу құралын пломбалауға өтініш 46-60-31  телефоны арқылы, немесе Бөкетов к-сі, 34 мекен-жайы бойынша орналасқан кеңсесінде сағ.8:00ден сағ.19:00 дейін түскі үзіліссіз қабылданады (демалыс күндері – сенбі, жексенбі).

Пломбаны орнату тұтынушымен прейскурантқа сәйкес төленеді.

Есепке алу құралын пломбалау нәтижесі бойынша, серіктестік қызметкері пломбалау күнін, пломбалау сәтіндегі есепке алу құралының көрсеткіштерін көрсете отырып, пломбалау актісін жасайды. Осы Акт 2 данада жасалады, олардың әрқайсысына тұтынушы және газ желісі ұйымының өкілі қол қояды. Бір данасы абонентке беріледі, екіншісі - "Горгаз-сервис" ЖШС-не қайтарылады. Актіде көрсетілген күннен бастап, газ үшін төлемді есептеу, газды есепке алу құралының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Егер есепке алу құралын тексеру кезінде оның зақымдануы анықталса, не пломбалау бұзылса, не тексеру туралы құжат болмаса, не көрсеткіштердің дұрыстығында күмән болса, онда есептеуіш кезектен тыс тексеруге жатады.